• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Су үнемдеу тақырыбындағы республикалық сурет байқауына 1000-нан астам жұмыс келіп түсті

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында екінші республикалық сурет байқауы басталды. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен мектеп оқушылары қатысып жатыр.

Байқауға барлығы 1040 жұмыс қабылданды. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары белсенділік танытып отыр. Жеңімпаздарды су және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандар, сондай-ақ суретшілер мен дизайнерлерден құралған арнайы қазылар алқасы анықтайды.

«Министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі – қоғамда су тұтыну мәдениетін қалыптастыру. Ол үшін су ресурстарының маңызын және оларды үнемдеу қажеттілігін өскелең ұрпаққа жеткізу қажет. Біз бұл байқауды екінші рет өткізіп отырмыз. Оқушылардың белсенділігі мен суды үнемдеу тақырыбына деген қызығушылығы көңіл қуантады»,

- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұржан Нұржігітов Астана қаласындағы №104 мектепте су үнемдеу тақырыбында ашық сабақ өткізген болатын. Сонымен қатар бір мезгілде елорданың 111 мектебінде сынып сағаттары өтті. Онда 200 мыңнан астам оқушы су ресурстарының маңызы және оларды қорғау туралы мағлұмат алды. Оқушылар суды үнемдеудің жолдарын талқылап, оған ұқыпты қарауға үндейтін плакаттар салды.

 

  • 05.05.2025
  • 13
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика