- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Қазақстандық су саласының мамандары АҚШ-та оқып жатыр
Қазақстандық су саласының мамандары АҚШ-та тағылымдамадан өтіп жатыр.
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің және Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары АҚШ-та білім алуда.
Оқу The International Visitor Leadership Program аясында өткізіліп, 22 сәуірде аяқталады. Курс тақырыбы – АҚШ-тағы су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру.
«Оқу барысында АҚШ-тың су ресурстарын басқару саласындағы үздік тәжірибелерін зерттеуге, сондай-ақ халықаралық байланыстар орнатып, тәжірибе алмасуға баса назар аударылады. Бағдарлама қатысушылары АҚШ-тың негізгі су инфрақұрылымы нысандарын аралап, олардың жұмысымен танысады»,
– деді ҚР СРИМ Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы.
- 05.05.2025
- 13