• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан бойынша 700 мыңға жуық бала су үнемдеу тақырыбындағы ашық сабақтарға қатысты

«Суды үнемде – болашақты сақта» республикалық акциясы аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Семей қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясының оқушыларына су үнемдеу тақырыбында ашық сабақ өткізді. 

Акция Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. 

Нұржан Нұржігітов балаларға Қазақстанның су ресурстарын сақтау және тиімді басқаруды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Мысалы, 2024–2026 жылдарға арналған су үнемдеу жөніндегі Жол картасы жүзеге асырылып жатыр. Құжатта су саласын цифрландыру, су заңнамасын жетілдіру, су есебінің заманауи технологияларын және су үнемдейтін әдістерді енгізу шаралары қарастырылған. Сондай-ақ тұрмыс жағдайында суды үнемдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Ал өткен аптада Мемлекет басшысы министрлік әзірлеген жаңа Су кодексіне қол қойды, ол елдің су қорын сарқылудан және ластанудан қорғауға бағытталған. Құжат республиканың су ресурстарын сақтау жөніндегі бірқатар кешенді шараны қамтиды.

Ашық сабақ соңында Нұржан Нұржігітов «ашық микрофон» форматында оқушылар мен мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.

Осындай іс-шаралар Қазақстанның барлық мектебінде өтті. Су ресурстары және ирригация вице-министрлері, комитет төрағалары, департамент директорлары және бассейндік инспекция мамандары өңірлерге барып, балаларға су ресурстарының маңызы мен оны үнемдеу қажеттілігі туралы айтып, балаларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Оқушылар арасында су үнемдеу және оған ұқыпты қарау тақырыптарында пікірталастар өтті. Ашық сабақтарға жалпы саны шамамен 700 мың оқушы қатысты. 

«Бір ай бұрын осындай акция Астана мектептерінде өтті. Оған 200 мыңға жуық бала қатысты. Енді біз оның ауқымын республикалық деңгейге көтердік. Суды ұқыпты және үнемді пайдалануды ерте жастан үйрену керек. Ол үшін мектеп – ең қолайлы орын. Бүгін еліміздің барлық өңіріндегі балалар су ресурстарының маңызы туралы көп жаңа әрі пайдалы ақпарат алып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана бастайды деп ойлаймын»,

- деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Айта кетейік, «Суды үнемде – болашақты сақта» акциясы аясында су үнемдеу тақырыбына арналған екінші республикалық сурет байқауы өтті. Оған қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңнан астам жұмыс келіп түсті.

  • 05.05.2025
  • 19
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика