• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Су ресурстары және ирригация министрлігі 2028 жылға дейін Абай облысының суару жүйелерін толығымен қалпына келтіруді жоспарлап отыр

2028 жылға дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі Абай облысының суару жүйелерін толығымен қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, алдағы үш жылда 32 магистральдық канал жөнделеді.

Нұржан Нұржігітов облыстағы гидротехникалық нысандарды аралап, олардың кешенді қайта жаңғырту жұмыстарына дайындығын тексерді. Министр алдымен Абай облысының әкімі Берік Уәлимен кездесіп, су қоймаларын салу мәселесін талқылады. Айта кету керек, биыл облыста Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» кәсіпорнының филиалы ашылды.

«Министрлігіміз әзірлеген 2024–2028 жылдарға арналған су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында Абай облысында 6 су қоймасын салу көзделген. Олардың ішінде «Қаракөл» және «Қарғыба» су қоймалары министрліктің қаражаты есебінен салынады. Ал қалған 4 су қоймасына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген жағдайда, олардың құрылысын Ислам даму банкі арқылы қаржыландыру мүмкіндігі бар. Бұл жобалар өңірдегі суармалы жерлердің көлемін 100 мың гектарға дейін ұлғайтуға, ауыл шаруашылығын дамытуға және жергілікті халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді»,

- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Содан кейін Нұржан Нұржігітов Жарма ауданындағы «Ортабұлақ» су қоймасында болды. Жекеменшікке тиесілі бұл нысанның жағдайы көңіл көншітпейді. Министр жергілікті әкімдікке бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген су қоймасын коммуналдық меншікке қайтару жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Бұл жақын маңдағы елді мекендерді су басу қаупінің алдын алып, қосымша 2 000 гектарға жуық жерді суаруға мүмкіндік береді. 

Одан кейін министр Шар су қоймасын қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесімен танысты. 2000 шаршы метр алаңға екі қабатты геомембрана мен 750 шаршы метр темірбетонды монолитті плита төселген. Сондай-ақ басқару мұнарасының қабырғаларына гидрооқшаулау жұмыстары аяқталды. Атқарылған жұмыстардың сапасын тексеру үшін су қоймасына 40 млн текше метрге дейін су жинау жоспарланып отыр.

Министр барған келесі нысан «Үлкен Бөкен» су қоймасы болды. 2024–2028 жылдарға арналған су саласын дамытудың кешенді жоспарында нысанды қайта жаңғыртуға қаржы бөлу қарастырылған. 

Көкпекті ауданында Нұржан Нұржігітов су үнемдеу жүйесін орнатқан диқандармен кездесті. 1 563 гектар алқапқа жаңбырлатып суару жүйесі орнатылған. Асыл тұқымды ірі қара мен жылқы өсіретін жергілікті шаруашылық мал азығын өнеркәсіптік мөлшерде дайындайды. Ал «Қазсушардың» облыстық филиалы егін алқаптарын Ақтоған, Ворошилов каналдары арқылы сумен қамтамасыз етеді. 

Сондай-ақ Нұржан Нұржігітов Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласындағы жаңа көпір құрылысымен және Бейбітшілік аралын абаттандыру жұмыстарымен танысты.

  • 05.05.2025
  • 18
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика