• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысының мектептерінде облыс әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен ашық сабақ өтті

Бүгін Ақмола облысының 11-сынып түлектері үшін ерекше сынып сағаты өтті. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Отан қорғаушы күніне орай барлық түлектерге ашық сабақ өткізді.

Сабақ «Ұрпақтар сабақтастығы: тарихымызды сақтау арқылы Отанды қорғау» тақырыбында өтті. Жоғары сынып оқушылары облыс басшысына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауап алды.

Өз сөзінде Марат Ахметжанов өңірдің даму барысы, ел тарихындағы көрнекті тұлғалар мен олардың елге қосқан үлесі туралы айтып өтті. Ол адал еңбек пен білімге ұмтылудың маңыздылығын тілге тиек етіп, Мемлекет басшысы жастардың ел болашағындағы рөліне ерекше назар аударатынын еске салды.

          «Жастар – еліміздің ертеңі. Олардың жан-жақты дамуына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Ақмола облысында заманауи мектептер мен бірегей спорт кешендері салынуда. Түлектерге арналған білім гранттары қарастырылған. Ең бастысы – адал еңбек етіп, үнемі ізденісте болу қажет», – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, өңір басшысы әкім гранты мен стипендиясын алу мүмкіндігі, сондай-ақ жас мамандарды қолдау шаралары туралы да айтып өтті.

Айта кетейік, жыл сайын әкімдік тарапынан жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын 100 педагог және 85 медицина маманын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында қаржы бөлінеді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жас мамандарға көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй алуға арналған жеңілдетілген несие беріледі. Ал аса тапшы медициналық мамандықтар бойынша 8,5 млн теңгеге дейін көтерме жәрдемақы қарастырылған.

М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Дина Смаилова кездесуден алған әсерімен бөлісті:

«Облыс әкімі Марат Ахметжановпен өткен сұхбат мен үшін ерекше әсерлі болды. Жаңа ойлар пайда болып, болашаққа деген көзқарасым кеңейе түсті. Мен болашақта ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болуды армандаймын. Білім мен қоғам дамуына өз үлесімді қосуды қалаймын. Қазіргі таңда бұл мамандықтың маңызы зор деп ойлаймын, өйткені еліміз қарқынды дамып келеді», – деді ол.

Айта кету керек, биылғы оқу жылында Ақмола облысындағы 536 мектепте 1-ден 11-сыныпқа дейінгі аралықта 139 811 оқушы білім алуда. Оның ішінде 6 070 – 11-сынып түлектері, олар үшін мұндай кездесулер кәсіби бағыт-бағдар алуға зор септігін тигізері сөзсіз.

  • 06.05.2025
  • 18
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика