- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Қымбатты отандастар, сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біз әрдайым соғыс және тыл ардагерлерінің қайтпас қайсарлығын, ерен ерлігін мақтан тұтып, құрмет көрсетуден танбаймыз. Осындай бейбіт өмір сыйлаған батырларымыз бен боздақтарға мәңгі қарыздармыз.
Елімізді дамыту үшін біраз іс тындырылды. Қазақстанды бұдан да қуатты, көркейген мемлекетке айналдыру үшін қажырлы еңбек етуге тура келеді. Десек те біз еліміздің кемел келешегіне зор сеніммен қараймыз. Өйткені мақсатымыз айқын, бағытымыз анық.
Жаужүрек жерлестеріміздің ерліктері жадымызда мәңгі сақталады. Олардың игілікті істері отандастарымызға жол сілтейтін шамшыраққа айналарына кәміл сенімдіміз.
Жеңіс күні құтты болсын!
- 09.05.2025
- 9