- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
19А ШАҒЫН АУДАНДА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
Биыл Ақтауда 19 а шағын ауданда 1200 орындық мектептің құрылысы басталады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. 4 қабатты ғимараттың құрылыс алаңы 3979,84 ш. м. құрайды. Учаске ауданы 3 га. Құрылыс жұмыстары осы жылы басталады.
Жобалық құжаттамаға сәйкес мектеп алаңы 3 бөлікке бөлінеді: спорттық (футбол, волейбол, баскетбол алаңдары), демалуға арналған, шаруашылық.
«Жалпы мектеп, кабинеттер заманауи техникамен жабдықталатын болады. Химия, физика және биология кабинеттеріне ерекше көңіл бөлеміз. Бұдан бөлек мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін жағдайлар жасалады. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. 24 адамға арналған оқу залы бар кітапхана да болады. Құрылысты 2023 жылы аяқтау жоспарланған», - деді Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Еркін Жауқан.
Айта кетейік, қазір 18, 31А шағынаудандарында мектеп құрылысы жүріп жатыр.
- 05.03.2021
- 203