- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
МАҢҒЫСТАУДА МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ МОНИТОРИНГ ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ
Маңғыстау облысында алдағы мереке күндері мониторинг тобының жұмысы күшейеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті.
Оның айтуынша, демалыс және мейрам күндері өңірдегі барлық кәсіпкерлік нысандар, көңіл-көтеру ғимараттары тиісті мамандардың қатаң бақылауында болады. Рейдтер уақытылы жүргізіледі.
«Ресторанда, кафелерде бүгінгі таңда 50 адамға дейін ғана отырғызуға рұқсат бар. Сондай-ақ, санитарлық ережелерді, әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Алайда онда корпоратив, басқа да мерекелік басқосулар, отбасылық жиындар ұйымдаст ыруға тыйым салынған», - деді Ғазиз Надуев.
- 05.03.2021
- 194