• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша 17 орталық ашылады

Нұр-Сұлтанда «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту шаралары мен құралдары» атты республикалық конференция барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы баяндады.

«Биылдың өзінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша 17 орталық ашылып, жұмыс істей бастайды, яғни еліміздің әр өңірінде бір-бір Орталық болады», - деді министр.

Орталықтардың ашылуы ҚР ҰЭМ, «Атамекен» ҰКП және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия арасындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша әріптестік және ынтымақтастқ туралы қол қойылған келісім шеңберінде көзделіп отыр.

Келісім әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі экономикалық мүмкіндігін кеңейтуді қарастырады. Құжат әйел кәсіпкерлігін дамыту, оқыту, кооперация және қажетті құзыреттерді қалыптастыру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынталандыру, сондай-ақ бизнесті қолдау бағдарламалары шеңберінде жеңілдікті кредиттер мен гранттар беру, әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, әйелдер мен олардың ұйымдары өндірген тауарлар мен қызметтерді өткізу нарықтарын дамытуға жәрдемдесу мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылын көздейді.

Ә.Ерғалиевтің айтуынша, Министрлік құрылып жатқан орталықтар алаңында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін әкімдіктер мен даму институттары жанында жұмыс істеп жатқан әйелдерді қолдау орталықтары мен қызметтерінің жұмысын белсенді зерттеуде.

«Орталықтар әйелдердің кәсіпкерлік бастамасының әлеуетін іске асыруға қуатты серпін бере отырып, әйелдерді ақпараттық және консультациялық қолдаудың негізгі көзіне айналады. Әйелдердің экономикадағы рөлінің күшеюі экономикалық өсу мен қоғамның дамуына ықпал ететініне сенімдімін», - деді ол.

Бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар мониторингінің деректері бойынша мемлекеттен қаржылай қолдау алатын кәсіпкер әйелдердің үлесі шамамен 32%-ті құрайды. Бұл жеңілдетілген банктік кредиттеу және гранттар беру. Қаржылай емес қолдау жобаларының жартысына жуығы (45%) – әйел-кәсіпкерлердің қатысуымен іске асырылады.

Ұлттық экономика министрлігі мен ЕҚҚДБ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде 300-ге жуық кәсіпкер әйел жергілікті консультанттардан консультациялық көмек алды, 35,4 млрд.теңге сомасында 21,8 мың кредит берілді.

Өз баяндамасының соңында Әсет Ерғалиев кәсіпкер әйелдерге атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, алдағы мерекемен құттықтады.

  • 05.03.2021
  • 278
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика