- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Облыста 5 мыңнан астам мүгедек спортпен шұғылданады
Спортпен шұғылданып қана қоймай, оны дамыту бойынша өз ұсыныстары бар мүгедек азаматтардың бастамашыл тобымен кездестім. Олардың тарапынан бейімделген тренажерлар шығаратын цех ашу, жұмыс орындарын құру, болашақта спортзал ашу сынды ұсыныстар айтылды.
Қазір облыста 5 мыңнан астам мүгедек спортпен шұғылданады, оның 105-і ҚР Ұлттық құрамасына кіреді. Облыстық мамандандырылған мектепте спорттың 18 түрі бойынша тірек-қимыл аппараты, есту және көру қабілеті бұзылған 430 адам оқиды.
Спорт басқармасы жасалған жұмыстардың есебін ұсынды. Біраз жұмыстар тындырылды. Дегенмен әлі де атқарылар іс көп.
Қарағанды қаласы әкіміне бастамашыл топты қолдау мәселесін қарастыруды тапсырдым. Бұл іске барлық жауапты қызметтер атсалысуы керек. Біздің басты міндетіміз - спортты барынша қолжетімді ету.
Сондай-ақ, фитнес-клуб иелерін инклюзивті спорттық ортаны дамытуға қатысуға шақырамын. Бұл іске қатысуға әзір азаматтарды қолдауға әзірміз.
- 20.05.2025
- 10