- Блогтар
- Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы
ҚДБ мен Sinosure ынтымақтастықтың стратегиялық келешегін талқылады
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту аясында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Басқарма төрағасы Марат Елібаев пен «Қазақстанның экспорттық кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Аллен Шәйжүнісов Қытай экспорттық және кредиттік сақтандыру корпорациясының (China Export and Credit Corporation, бұдан әрі – Sinosure) өкілі Шэн Хэтаймен ресми кездесу өткізді.
Тараптар институттар арасындағы ағымдағы және әлеуетті ынтымақтастық мәселелерін кеңінен талқылады. Атап айтқанда, Қазақстандағы бірқатар жаңа инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобалар бойынша әріптестікті одан әрі дамыту келешегі сөз болды.
Банк қаржыландыратын жобалар қоржынының, әсіресе юаньмен қаржыландырылатын жобалардың артуына байланысты ҚДБ жаңа бастамаларды сақтандырумен қамтамасыз ету үшін Sinosure компаниясымен ынтымақтастықты белсенді дамытуды жоспарлап отыр.
ҚДБ ұзақ мерзімді экспорттық қаржыландыру тарту, стратегиялық серіктестікті дамыту және ел экономикасының индустрияландырылуы мен тұрақты дамуына ықпал ететін жобаларды іске асыру үшін жағдай жасау бойынша жұмыстарын жалғастырады.
- 21.05.2025
- 9