• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қосылған құн салығы мөлшерлемесі 16% болып белгіленді

Екінші оқылымда Салық кодексі мен салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулер қабылданды. Депутат Берік Бейсенғалиевтің жетекшілігімен жұмыс тобы шамамен бес мыңға жуық түзетуді қарады. Мәжіліс депутаттары мен Үкіметтің бірлескен жұмысының нәтижесінде, оның ішінде ҚҚС реформасына қатысты бірқатар шешімдерге қол жеткізілді.

– Бастапқыда Үкімет ұсынған 20% ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ға дейін төмендетілді. ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 15 млн 40 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерге төмендетілген ҚҚС мөлшерлемелері енгізіледі: 2026 жылдан бастап – 5%, 2027 жылдан бастап – 10%. МӘМС, ТМККК, сирек және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу аясындағы тауарлар мен қызметтер ҚҚС-тан босатылады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен отандық басылымдағы кітаптар, сондай-ақ баспа түріндегі кітаптарды басып шығару қызметтері де ҚҚС-тан босатылады. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында есепке жатқызылатын ҚҚС үлесі 70%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды, – деді Берік Бейсенғалиев.

Бұдан бөлек, жеңілдетілген декларацияны түрлендіру шеңберінде рұқсат етілген қызмет түрлерінің орнына тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі енгізіледі, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, мәслихаттармен ±50%-ға түзету мүмкіндігі бар 4% бірыңғай мөлшерлеме белгіленді. Ойын бизнесі мен банктер үшін КТС мөлшерлемесі 25%-ға дейін арттырылды, әлеуметтік сала ұйымдары үшін КТС мөлшерлемесі төмендетілді, прогрессивті ЖТС шкаласы енгізіледі. Алкоголь мен темекіге салынатын акциздер кезең-кезеңімен ұлғайтылады, энергетикалық сусындарға акциз енгізіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдаланған жағдайда төлем мөлшерлемесі 100 есеге дейін арттырылады.

Жалпы, мәжілісменнің айтуынша, реформа салық жүйесін оңтайландыруға бағытталған бірқатар негізгі өзгерістерді қамтиды: салық есептілігін 30%-ға қысқарту, салық түрлерін 20%-ға азайту, салық жеңілдіктерін оңтайландыру, дифференциалды мөлшерлемелер енгізу, инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сән-салтанат заттарына салмақты арттыру және басқа да өзекті мәселелерді шешу.

Салық кодексін қарау қорытындысы бойынша Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов құжаттың кеңінен әрі ашық талқыланғанын, бірнеше рет парламенттік фракцияларда, Қоғамдық палата отырыстарында қаралғанын атап өтті. Нәтижесінде, заман талабына сай келетін, теңгерімді салық заңнамасын қабылдауға мүмкіндік туды.

  • 23.05.2025
  • 19
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика