- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
ҚР Қаржы министрлігінде саламатты өмірге ерекше назар аударылып келеді
Біздің қызметкерлер түрлі қалалық және республикалық спорт сайыстары мен саламатты өмірді нығайту жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысады. Игі дәстүрге сай биыл Жеңістің 80 жылдығына арналған спартакиада өткізілді. Аталған сайыс саламатты өмірді насихаттауға, ұжымдағы рухты нығайтып, қызметкерлердің бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысуына бағытталғанын атап өткім келеді.
Өзара сынған түскен министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынышты ұйымдардың құрама командалары дене даярлығының шеберлігін байқатып, жеңіске деген мұқалмас жігер танытты. Спартакиаданың бағдарламасы ауқымды болды.
Осы ретте жарысқа қатысқан барлық азамат пен ұйымдастырушыларға ризашылығымды жеткізе отырып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді осы жетістікпен шын жүректен құттықтаймын!
Мұндай іс-шаралардың ұжымдағы ауызбірлікті арттырып, саламатты өмірге ден қоюмен қатар корпоративті мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор.
- 26.05.2025
- 27