- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері халықаралық серіктестермен 4 келісім мен 19 меморандумға қол қойды
Министрлік пен оның қарамағындағы ұйымдар Франция, Германия, Нидерланд, Испания, АҚШ, Израиль және Қытай сияқты елдердің халықаралық ұйымдарымен, су саласындағы ведомстволарымен, даму агенттіктерімен және компанияларымен ынтымақтастық орнатты.
Мәселен, былтыр желтоқсанда Су ресурстары және ирригация министрлігі Францияның Даму агенттігі (AFD) және Геологиялық және тау-кен зерттеулері бюросымен (BRGM) Балқаш көлін сақтау жөнінде үшжақты келісімге қол қойды. Келісімде көл бассейнін бірлесіп зерттеу, сондай-ақ Балқашты сақтаудың мастер-жоспарын әзірлеу үшін министрлікке 1,35 млн еуро көлемінде грант бөлу қарастырылған.
Ал биыл наурыз айында Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары алғаш рет өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат суды ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және кадрларды бірлесіп даярлау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.
Қазіргі уақытта Қытайда 30 адамнан құралған қазақстандық мамандардың екінші тобы біліктілікті арттыру курсынан өтіп жатқанын еске сала кетейік. 30 адамнан құралған бірінші топ сәуір айының соңында елге оралған болатын. Жыл соңына дейін Қытайда 120 маман оқудан өтеді деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Қазақстан мен Нидерланд арасында су тасқынына қарсы іс-қимыл және су саласы мамандарын дайындау жөнінде меморандумдарға қол қойылды. Бірінші құжатта тасқын суларды реттеу мен пайдалануда тәжірибе алмасу, сондай-ақ өзен ағындарын басқару бөлігінде Нидерланд елінің тәжірибесін зерделеу көзделеді. Дельфт су білімі институтымен (IHE Delft) қол қойылған екінші меморандум су саласының мамандарын даярлауды, су саласындағы ғылым мен инновациялық технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды көздейді.
Осы келісімдер аясында Нидерланд мамандары Қазақстанда су тасқыны қауіптерін басқару бойынша семинарлар өткізді. Сонымен қатар ел аумағында су тасқынын болжау және модельдеу жүйесін жасау үшін Delft-FEWS атты цифрлық платформа қолданылып жатыр.
- 26.05.2025
- 28