• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бірлесіп маман даярлау, трансшекаралық суды бөлу және Қазақстанның Үлкен бөгеттер жөніндегі халықаралық комиссияға қосылуы: Су ресурстары және ирригация министрі ҚХР-ға жұмыс сапарымен барды

Қытайдың Чэнду қаласында өткен Үлкен бөгеттер жөніндегі халықаралық комиссияның (ICOLD) 28-ші конференциясы аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Power China компаниясының бас директоры Ван Биньмен кездесті. Тараптар Қазақстанның су саласын дамыту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, маман даярлау жөніндегі ынтымақтастықты жалғастыру мәселесі қозғалды. Нұржан Нұржігітов қытайлық тарапқа алдағы бірнеше жылда қазақстандық су шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін орта мерзімді оқыту жоспарын әзірлеуді ұсынды.

Қазіргі таңда Қытайда 30 адамнан құралған қазақстандық мамандардың екінші тобы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқанын еске сала кетейік. Олар табиғи апаттардан кейін су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру және олардың төзімділігін жоспарлау әдістерін меңгеріп жатыр. Бұған дейін 30 маманнан құралған алғашқы топ су ресурстарын пайдалану технологиялары мен су ортасын басқару саласында білім алып, сәуір айының соңында елге оралған болатын. Жыл соңына дейін Қытайда барлығы 120 қазақстандық маман оқудан өтеді. Курстар қытай тарапының есебінен ұйымдастырылып жатыр.

«Біз өзара ынтымақтастықты тереңдетуге дайынбыз және тағылымдамалар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ білім, тәжірибе және заманауи технологиялармен алмасуға бағытталған бірлескен жобаларды талқылауға ашықпыз. Сіздердің кадрлардың кәсіби деңгейін көтеруге қосқан үлестеріңіз Қазақстанның су саласындағы адами капиталды дамытуға ғана емес, сондай-ақ елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығаюына да оң әсер етеді деп сенемін»
, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Одан кейін Нұржан Нұржігітов ҚХР Су шаруашылығы министрі Ли Гоинмен кездесті. Кездесу барысында су саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер мен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумның іске асырылу барысы талқыланды. Айта кетейік, бұл құжатқа биыл наурыз айында қол қойылған болатын. Меморандум екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды, суды ұтымды әрі тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен кадрларды бірлесіп даярлау мәселелерін қамтиды.

Сондай-ақ Нұржан Нұржігітов Үлкен бөгеттер жөніндегі халықаралық комиссияның президенті Мишель Линомен келіссөздер жүргізді. Тараптар «Қазсушар» РМК-ның осы ұйымға мүшелікке ену мүмкіндігін талқылады.

«Біз ICOLD ұйымының су ресурстарын тиімді және тұрақты басқару саласындағы ынтымақтастыққа ашық екенін жоғары бағалаймыз. Бұл – бүгінгі жаһандық сын-қатерлер жағдайында аса өзекті. Біз ICOLD ұйымын инновациялық шешімдерді енгізу, ғылыми әлеуетті дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру бойынша стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз»,
 – деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.

Үлкен бөгеттер жөніндегі халықаралық комиссия — бұл үкіметтік емес халықаралық ұйым. Ол бөгеттерді қоршаған ортаға зиян келтірмей, қауіпсіз, тиімді және үнемді тұрғызу ісінде жетекші рөл атқарады. ICOLD-тың бастапқы мақсаты - ақпаратты жинау және тарату, сондай-ақ байланысты техникалық мәселелерді зерттеу арқылы үлкен бөгеттер мен онымен байланысты азаматтық құрылыстарды жоспарлау, жобалау, салу, пайдалану және күтіп ұстау саласындағы прогресті ынталандыру. 

Сондай-ақ министр Чанша қаласындағы Power China Zhongnan ғылыми-зерттеу институтына да барды. Онда ғылыми ұйымның басшылығымен кездесіп, соңғы технологиялармен танысты. Атап айтқанда, су ресурстарын автоматты түрде бақылау жүйесімен. Сонымен қатар Нұржан Нұржігітов институтта өтіп жатқан қазақстандық су шаруашылығы мамандарына арналған оқыту семинарының барысымен танысты.

  • 26.05.2025
  • 32
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика