- Блогтар
- Дүйсембиев Ж.Ж.
Дүйсембиев Ж.Ж.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Қазақстан мен Өзбекстан кедендік ынтымақтастықты нығайтады: маңызды келісімдерге қол қойылды
2025 жылғы 21 мамырда Алматыда Орталық Азия және Қытай елдерінің кеден қызметтері басшыларының екінші кездесуі аясында Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің төрағасы Акмалхужа Мавлонов келіссөздерге қатыстым.
Кездесу барысында тараптар кеден саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Әсіресе Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту, өткізу қабілетін арттыру және көлік жүктемесін азайту мақсатында электронды кезек жүйелерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
- 27.05.2025
- 25