- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Түркістан облысының «Қазсушар» филиалы 38 жаңа арнайы техника алды
Оның ішінде Жетісай өндірістік учаскесіне екі тиегіш пен бір экскаватор жеткізілді. Ал Мақтаарал өндірістік учаскесіне екі тиегіш техника табысталды.
Арнайы техникалар қазірдің өзінде каналдарды механикалық әдіспен тазалау үшін қолданыла бастады. Бұл жұмыстар өңірде суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Жергілікті тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп жатыр.
«Қазсушар» мекемесіне алғыс айтамын. Суару науқанына дайындық жұмыстары өте жақсы деңгейде жүргізіліп жатыр. Жұмысты осылай алдын ала атқарған бәріне пайдасын тигізеді. Халық та риза, барлығымыз ризамыз», - дейді Мақталы ауылының тұрғыны Сахтула Темірәлиев.
«Қазсушар» РМК-ны жаңа техникамен қамту жұмыстары аясында Түркістан облысындағы филиалға жалпы саны 130 арнайы техника беріледі. Жалпы алғанда Су ресурстары және ирригация министрлігі кәсіпорын филиалдарын 757 жаңа техникамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
- 28.05.2025
- 27