- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
ЕҚДБ басшылығының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) экономикалық реформаларды қолдап, аталған саланың негізгі секторларын жаңғыртуға бағытталған көпжылдық әріптестікті дамытып келеді. Екіжақты ынтымақтастықты дамытуға байланысты ЕҚДБ басшылығының өкілдерімен: бірінші вице-президент Юрген Ригтеринкпен, сондай-ақ қаржы ұйымыныңОрталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озханмен және банктің Қазақстандағы өкілдігі басшысының орынбасары Асқар Намазбаевпен кездестім.
Бұл ретте халықаралық қаржы ұйымыҚазақстанның инфрақұрылымдық әлеуетін жаңғыртып, инвестиция құюға айтарлықтай үлес қосқанын айта кеткен орынды. Осы әріптестік еліміздің қаржы-экономикалық дамуындағы маңызды факторлардың бірі болып саналады.
Бұдан бөлек кездесуде екіжақты байланысты күшейту мен еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, орнықты экономикалық өсімге әсер ететін жаңа бірлескен жобаларды іске асыру жолдары талқыланды.
- 28.05.2025
- 33