- Блогтар
- Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы
ҚДБ және Даму: табысты ынтымақтастық ымырасы
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да (бұдан әрі – ҚДБ, Банк, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) ақпараттық-оқыту кездесуі өтті, онда ҚДБ өкілдері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму») өкілдерімен кредиттік талдау және ірі мәмілелерді құрылымдау тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараға ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Шәріпов, басқарушы директор Жанат Аңсағанова және Банктің негізгі бөлімшелерінің басшылары қатысты. «Даму» қорынан Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов, бейінді директорлар мен мамандар қатысты.
Кредиттерге кепілдік берудің жаңа қаржы құралдары мен тетіктерін дамыту шеңберінде білім алмасу ірі инвестициялық жобаларға тән ірі мәмілелерді құрылымдау мен тәуекелдерді бағалау бөлігінде «Даму» қызметіне тиімді тәжірибелерді енгізуге бағытталды.
«Даму» өкілдері инвестициялық жобалармен жұмыс істеудің негізгі аспектілерін зерттеді: талдау мен қаржылық модельдеуден бастап тәуекелдерді бағалау мен құқықтық сараптамаға дейін. Кездесуге қатысушылар мәмілелерді құрылымдауға, шикізат және өткізу нарықтарына, сондай-ақ жобалық қаржыландыру саласындағы практикалық кейстерге ерекше назар аударды.
- 29.05.2025
- 24