- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Астана мен Масқат қосарланған салықтан сақтандыратын келісімге қол қойды
Астана халықаралық форумы маңызды келіссөздер менкездесулерді өткізуге және диалог құруға арналғанбеделді алаңға айналды. Форум аясында дәстүрлі түрде екі әрі көпжақты келіссөздер жүргізіліп, мән-маңызы жоғары келісімдерге қол қойылады және ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланады. Айталық, форум аясында Оман Сұлтандығының Қаржы министрі Сұлтан бен Салим әл-Хабсимен кездесудің сәті түсті.
Оның барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-транзит бағытындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Қазақстан Оман Сұлтандығымен әріптестіктің стратегиялық сипатын жоғары бағалайды. Бұл құжат екі елдің халқы үшін нақты салық салу ережелерін белгілеп, фискалды кедергілерді жояды. Сонымен қатар ынтымақтастықты кеңейтіп, серіктестікті нығайтуға бағытталған қолайлы мүмкіндіктерге жол ашады.
- 29.05.2025
- 30