- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде жергілікті билік органдарымен, бизнесмендермен, инвесторлармен бірқатар кездесу өткіздім
ҚР Қаржы министрлігінің өңірлермен өзара іс-қимылы орнықты дамудың негізгі бөлшегі болып саналады және жергілікті жерлерде мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді. Мәселен, «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының аумағында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу мәселелері жөніндегі кеңесте отандық және шетелдік инвесторлар АЭА-да жаңа өндірістер салу барысы туралы айтып берді.
Үшінші субаймақта Италия, Қытай, Ресей және Германиядан капитал тарта отырып, жалпы сомасы 105 млрд теңгеге 16 перспективалы инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Осы жобалар аясында 1,7 мың жұмыс орны ашылады деп көзделген.
Солтүстік Қазақстан облысына құйылған инвестициялар өңірдің тұрақты дамуына, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және жаңа технологияларды тартуға бағытталғанын атап өткім келеді.
Бұдан бөлек YDA Group компаниясы салған көпсалалы облыстық аурухананың құрылысын байқап қайттым. Мұндай заманауи әрі жабдықталған ауруханалар адамның денсаулығын жақсартып, өмір жасын ұзартуда маңызды стандарт деп санаймын. Азаматтарға, жас ата-аналарға, қазақстандық отбасыларға қолдау көрсету - қоғамымызды дамытуға бағытталған міндеттерді шешуге байланысты Үкіметтің жүйелі жұмысының бір бөлігі.
- 30.05.2025
- 31