- Блогтар
- Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы
Қазақстанның Даму Банкі, Cassa Depositi e Prestiti S.p.A. және SACE S.p.A a бірлескен декларацияға қол қойды
Италия Республикасы Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонидің Қазақстанға ресми сапары және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу шеңберінде Ақордада «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы), итальяндық қаржы институттары Сassa Depositi e Prestiti S.p.A. (CDP) және SACE S.p.A. арасында бірлескен декларацияға қол қойылды.
Құжатқа ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев және CDP егеменді, қаржы және корпоративтік институттарымен операциялар жөніндегі басшысы Кристина Морелли және EMEA Халықаралық бизнес басшысы Массимо Скиро қол қойды. Декларация көлік инфрақұрылымы, жаңартылатын энергетика және энергия тиімділігі сияқты басым салаларда бірлескен инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктерін дамытуға тараптардың өзара мүдделілігін растайды.
Декларация ҚДБ мен Италияның даму институттары арасындағы жүйелі жұмыстың жалғасы болды. CDP және SACE экспорттық-кредиттік агенттігімен ынтымақтастық 2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға сапары барысында басталды. Содан кейін Банк CDP және SACE-пен бірқатар келіссөздер жүргізді, нәтижесінде SACE-пен өзара түсіністік туралы меморандум, сондай-ақ SACE-ті сақтандыру үшін CDP-мен 200 миллион еуро несиелік келісімге қол қойылды.
Қарыз қаражаты толығымен игерілді: қаржыландыру көлік инфрақұрылымы, жаңартылатын энергетика және энергия тиімділігі саласындағы жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Жаңа декларация қол жеткізілген уағдаластықтарды бекітеді және Қазақстан мен Италия арасындағы жаңа жобаларға мүмкіндіктер ашады.
- 30.05.2025
- 29