- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Жас ұрпаққа қамқорлық жасау – Қазақстанның әлеуметтік саясатындағы маңызды бағыттардың бірі
2024 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Ұлттық қор – балаларға» ауқымды әлеуметтік жобасы қолға алынған болатын. Осы бағдарлама арқылы жыл сайын Ұлттық қордан қазақстандық балалардың шоттарына мақсатты төлемдер аударылып отырады. Осыған сәйкес биыл еліміздегі әр балаға 129,38 доллар жіберілді. Ал тұтастай аталған жоба бойынша жинақталған қаражаттың жалпы көлемі 888 млн долларға жетіп, бұл жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың ауқымдылығын көрсетті.
Ұлттық қордың қаражатын жас ұрпақтың игілігіне жұмсау - мемлекетіміздің тұрақты дамуына бағытталған стратегиялық шешім. Мұндай бастамалар жастардың кемел келешегін қалыптастыруға жол ашады.
- 01.06.2025
- 24