- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық: нәтижелері мен болашағы
Қазақстанның Дүниежүзілік банк (ДБ) тобына қосылуынан кейін 1992 жылы біздің арамызда экономиканың түрлі секторларындағы жобаларды өзара сенім мен тиімді іске асыруға негізделген берік, сындарлы қатынастар қалыптасты. Осы жылдар ішінде жалпы сомасы 8 млрд долларға 48 бірлескен жоба табысты іске асырылды.
Астана халықаралық форумында Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен кездестім. Біз Қазақстан Үкіметінің таяудағы бес жылға арналған негізгі басымдықтарын және ДБ-ның елімізбен 2026-2030 жылдарға арналған әріптестік стратегиясын дайындау шеңберінде ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің перспективаларын талқыладық.
Дүниежүзілік банкпен әріптестік экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі жұмысымыздың маңызды құрамдас бөлігі болып қала береді. Әріптестіктің жаңа стратегиясымен бірлесіп жұмыс істеу біздің алдымызда орнықты даму, цифрландыру, әлеуметтік саланы жаңғырту және климат тұрақтылығы салаларында жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін.
- 02.06.2025
- 25