- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Бизнес және орнықты даму
Каспий құбыр консорциумы (КҚК) — Қазақстан Республикасының ірі салық төлеушілерінің бірі және оның тұрақты жұмыс істеуі бюджетті толтырып, еліміздің макроэкономикалық орнықтылығын қолдауда маңызды рөл атқарады. Сондықтан жақында КҚК бас директоры Николай Горбаньмен кездестім.
Оның барысында Қаржы министрлігі мен консорциум арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін, соның ішінде салық міндеттемелерін уақтылы және толық орындауды, операциялардың ашықтығы мен тиімді салықтық әкімшілендіруді талқыладық.
Әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. КҚК жұмыс істеп жатқан өңірлерде инфрақұрылымды дамытып, білім беру, денсаулық сақтау мен халықтың әл-ауқатын қолдауға бағытталған жобаларды белсенді түрде іске асырып келеді. Бұл ірі бизнестің орнықты даму ісінде мемлекеттің жауапты серіктесі бола алатындығының айқын мысалы.
- 03.06.2025
- 24