• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Соңғы 10 жылда алғаш рет Су ресурстары және ирригация министрлігі Талас өзенінің төменгі ағысындағы Қаракөл көлін толтырды

Судың дұрыс әрі тиімді бөлінуінің арқасында Талас өзеніндегі «Ойық» гидроторабы арқылы жүргізілген экологиялық мақсатта су жіберу нәтижесінде Жамбыл облысындағы «Қазсушар» филиалы Қаракөл көліне су толтырып, Сұлукөл көліне де су жеткізе алды. Сонымен қатар Сарысу және Талас аудандарындағы табиғи жайылымдарға да су барды.

Жергілікті экожүйені сақтау жұмыстары суару маусымы басталмай тұрып жүргізілді. Бастапқыда осы мақсатқа «Ойық» гидроторабы арқылы 120 млн текше метр су жіберу жоспарланған еді. Алайда сәуір айының ортасына қарай экологиялық мақсатта су жіберудің жалпы көлемі 315 млн текше метрге жетті.

30 мамыр күні Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша Жамбыл облысындағы «Қазсушар» филиалының мамандары арнайы тексеріс жүргізіп, Талас өзені арқылы жіберілген судың Сарысу және Талас аудандарына жеткеніне көз жеткізді.

Өз кезегінде жергілікті тұрғындар атқарылған жұмыс үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғыс білдіріп жатыр.

«Биыл алдыңғы жылдарға қарағанда су қарқынды келді.  Су негізгі арнамен өтіп, жайылымды жерлерге жайылды. «Қазсушарға» ризамыз, соның жұмысының нәтижесінде су жақсы келді. Осындай көлемде су жыл сайын келіп тұрады деп үміттенеміз», – дейді Шағалалы елді мекенінің тұрғыны Оңлыәшім Дүйсенбеков.

«Су биыл ерте келді. Наурыздың басында басталып, мамырдың соңына дейін жетті. «Қазсушарға» алғыс айтамыз. Егістікте шөп жақсы өсіп жатыр, су мол. Қазір мал жайып, жұмыс істеп жатырмыз», – дейді Игілік ауылының тұрғыны Аралбай Жанбеков.

  • 03.06.2025
  • 36
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика