- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Қаржы министрлігі қызметкерлерінің балалары мемлекеттік қаржы саласымен танысуға мүмкіндік алды
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қаржы министрлігі қызметкерлерінің балаларына ведомствода арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Жас ұрпақ аса маңызды жиындар өтетін залдарды аралап, тарихи құжаттарды көріп, министрліктің тарихымен танысу арқылы мемлекеттік қызметшілердің жұмысына байланысты мол мағлұмат алды.
Мұндай іс-шараның маңызы зор деп санаймын. Бұл еліміздің болашақ азаматтары мен кәсіби мамандарды тәрбиелеу бағытындағы нақты қадам. Келешекте жас меймандардың бірі өмірін мемлекеттік қызметке арнауға бел буу мүмкін. Егер де балаларға жастайынан адами құндылықтарды, жауапкершілікті, адалдық қасиеттерін бойларына сіңіре алсақ, онда болашағымызға сенімді бола алатынымыз анық.
- 04.06.2025
- 22