- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
«Халық заңгері» акциясының қазақстандықтарға пайдасы зор
Еліміздің азаматтарына, әсіресе өңірлерде тұратын халыққа құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алу қиынға соғады. Мұның салдарынан отандастарымыз қате шешім қабылдайды немесе алаяқтардың құрбанына айналуы мүмкін. Бұл тұрғындан алғанда, «Халық заңгері» акциясы ақша мен уақытты жұмсамай кәсіби мамандардан сапалы кеңес алуға мүмкіндік береді.
Биыл аталған бастама Қазақстанның 200 елді мекенінде өтіп, 100 мыңға жуық адам тегін заңгерлік кеңес ала алды. Іс-шара аясында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері азаматтарға салық мәселелері мен банкрот рәсімдері бойынша тегін кеңес берді. Мамандар салық жеңілдіктерін қолдану тәртібі мен салық міндеттемелері бойынша даулы жағдайларды реттеу тетіктерін түсіндірді. Консультациялар кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Іс-шараға МКК мамандарының қатысуы азаматтардың нақты мәселелерін жедел шешумен қатар салықтық әкімшілендіру саласындағы халықтың қаржы сауаттылығын арттыруға мүмкіндік берді. Салық заңнамасындағы жаңа ережелерді түсіндіруге және кәсіпкерлік қызметте жиі кездесетін кемшіліктердің алдын алуға ерекше назар аударылды.
Өзара байланыстың мұндай форматы өзекті мәселелерді жедел шешуде тиімділігін байқатты.
- 05.06.2025
- 16