- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Бұқаралық спортты дамыту курсы
Жуырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің Бас ассамблеясында Атқарушы комитеттің жаңа құрамы бекітілген болатын. Былтыр қазан айынан бастап Қазақстанның волейбол федерациясының президенті болып сайланғандықтан аталған комитетте осы ұйымның мүддесін қорғап келемін.
Отырыста Бас ассамблеяның қатысушылары ұйымның Жарғысындағы өзгерістерді қарастырып, мақұлдады. Олар ҰОК операциялық қызметін жетілдіруге бағытталған.
Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық спортты қаржыландыру саясатын қайта қарауды тапсырғанын айта кеткен орынды. Атап айтқанда, клубтар мен федерациялар еліміздің шалғай өңірлерінде бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып, демеушілердің тізімін белсенді қалыптастыруға кірісуі тиіс, сондай-ақ жергілікті спортшыларды даярлауды күшейте түсу қажет.
Спорт жеке адамның өмірінен бастап, тұтастай қоғамның дамуында үлкен рөл атқаруға қауқарлы екеніне сенімдімін. Саламатты өмір – денсаулықты нығайтып, мінезді қалыптастырады. Тәртіпке бағынып, ұжымда жұмыс істеуге дағдыландырады. Сондықтан да спорт еліміз үшін белсенді әрі дені сау жастарды тәрбиелеудің тиімді тәсілі.
- 09.06.2025
- 28