- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Қазақстан-Қытай әріптестігіндегі тың серпін: инвестиция мен логистика басты назарда
Қытайдың Экспорт-импорт банкімен (ҚХР Эксимбанкі) қаржы ынтымақтастығын дамыту стратегиялық маңызға ие. Себебі бұл ауқымды инвестициялық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қытайлық банк инфрақұрылымдық, энергетикалық және көлік саласындағы жобаларға ұзақмерзімді негізде қаржы тартудың негізгі көзі болып саналады.
Сол себепті жуырда Қытайдың Экспорт-импорт банкінің басқарма төрағасы Чэнь Хуайюймен кездескен едім. Біз қаржы-экономикалық бағыттағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын, соның ішінде Қазақстандағы инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды қаржыландыруға Эксимбанктің қатысуын талқыладық.
Қытай Эксимбанкімен арадағы экономикалық әріптестіктің маңыздылығын атап өткен орынды. Бұл екіжақты байланысты нығайту әрі Қазақстанның «Бір белдеу, бір жол» мен «Жаңа экономикалық бағыт» бағдарламалары аясындағы бастамаларын іске асыру тұрғысынан маңызды.
Аталған салалардағы байланыс заманауи технологиялар мен озық тәжірибелерді тартуға мүмкіндік береді, бұл ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін аса маңызды.
Қарым-қатынастың нығаюы еліміздің экономикасын күшейтіп, тұтастай өңірдің дамуына жол ашады.
- 16.06.2025
- 33