- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
2024 жылға арналған бюджеттің мәні
ҚР Парламент Мәжілісінде 2024 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсындым. Биыл еліміздің бүкіл қаржы-экономикалық жүйесінің тұрақтылығы кезекті сыннан өтті. Сыртқы сын-қатерлер мен жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап, азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемені орындай алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша ІЖӨ-нің нақты өсімі 4,8% жетті. Бюджет түсімдері 98% орындалып, шамамен 20 трлн теңге болды. Шығыстар 23,5 трлн теңгені құрады. Осылайша, бюджет тапшылығы 3,6 трлн теңгеге немесе ІЖӨ-нің 2,7% тең болды.
Тұтастай алғанда, Үкімет барлық әлеуметтік міндеттемені орындады, оның ішінде өңірлерді қолдауға 7,1 трлн теңге, әлеуметтік салаға 8,8 трлн теңге бағытталды.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 9% индекстелді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру жалғасып жатыр: оның ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60% 65% дейін, ал ең жоғары мөлшері 100% 105% дейін ұлғайтылды.
Бұдан басқа 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 7% артты. Осылайша, еңбек қабілетінен және асыраушысынан айырылу бойынша жалпы сомасы 958,3 млрд теңге көлеміндегі төлемді 1,3 млн адам алды. Мүгедектік бойынша 477,3 млрд теңге сомасына 541 мың азаматқа төлемдер жүзеге асырылды.
2024 жылы бюджеттік шығыстар 98% орындалып, 23,6 трлн теңгені құрады. 526 млрд теңге игерілмеді, оның ішінде резервтік қор сомасы – 12 млрд теңге. Осыған қарамастан негізгі әлеуметтік бағыттар қаржыландыру жүргізілді. Осылайша, қаражат мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жалақысын арттыруға, осал санаттағы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталды.
505 агроөнеркәсіп кәсіпорнына қолдау көрсетілді, несиелеумен 3 585 шаруашылық үшін қамтамасыз етілді, 577 мың тонна өнім сатып алынды – 3,2 млн гектарға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді.
«Жайлы мектеп», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» және «Қолжетімді интернет» ұлттық жобаларына 751 млрд теңге бағытталды. Атап айтқанда, 254 мың оқушыға орын дайындалып, 105 мектеп салынды. 460 Денсаулық сақтау нысаны салынды, ірі қалалардың 30% 5G-байланыс жүйесімен қамтамасыз етілді.
2024 жылға арналған бюджетті орындау қорытындылары Үкіметтің макроэкономикалық көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз етті, барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды және орнықты даму бағыты сақталып қалды деп сеніммен айтуға болады. Сыртқы сын-қатерлерге және жаһандық тұрақсыздықтың ықпалына қарамастан біз инфляцияны бақылауды ұстап, басым бағыттағы жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ете алдық және азаматтардың неғұрлым осал санаттарын қолдай алдық. Фискалды әкімшілендіруді цифрландыру және бюджет процесінің ашықтығын арттыру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Біз құрғақ саннан сапалы нәтижелерге көшуді жалғастырамыз.
- 18.06.2025
- 28