- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Балқашта шағын өнеркәсіп аймағын құру бойынша жұмыс кеңесін өткіздім. Бұл Премьер-министрдің моноқалаларды дамытуға бағытталған тапсырмасы
Бірінші қадам - аймақты Қазақмыстың өнеркәсіптік нысандарының бос алаңдарына орналастыру. Мақсатымыз экономиканы әртараптандыру, шикізаттық емес секторды дамыту, инвесторларды тарту және жаңа жұмыс орындарын құру.
Жұмысты «Қазақмыс» корпорациясымен бірлесіп бастаймыз. Бүгінде басым бағыттар анықталды, олар металл өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, логистика, инженерлік қызметтер.
Инженерлік коммуникацияларды жүргізуге кірісуді және бизнеспен өзара іс-қимылды жандандыруды тапсырдым. Инвесторлар нақты учаскелер мен шарттарды ұсынуы керек.
- 24.06.2025
- 15