- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Қарағанды мектептеріндегі жөндеу барысын тексердім
Биыл қалада 13 мектеп жаңартылуда, 2027 жылға дейін 68 оқу орны күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, қосымша 8 жаңа мектеп салынады. Оның алтауы «Жайлы мектеп» жобасы бойынша бой көтереді.
Өкінішке қарай бұзушылықтар анықталды. Мердігерлер жобалық шешімдерді келісімсіз өзгертіп, арзан материалдарды пайдаланған. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Осыған байланысты барлық жобаларды Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау басқармасына тексеруге беру туралы тапсырма бердім. Барлық ауытқушылықтар қалпына келтіріледі. Мектептерді жаңарту сапалы және бекітілген құжаттамаға сәйкес жүргізілуі керек.
Барлық нысандар қатаң бақылауға алынады.
- 24.06.2025
- 21