- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Азия даму банкінің Орталық және Батыс Азия бойынша бас директоры Евгений Жуковпен кездестім.
Халықаралық қаржы ұйымының Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын салу және реконструкциялау жобаларына қатысу мүмкіндігін талқыладық.
Министрлігіміз АДБ-ға қазіргі таңда әзірленіп жатқан жобалар тізімін ұсынды. Келесі айда халықаралық қаржы ұйымының сарапшылары бұл жобаларды жан-жақты талқылау үшін Қазақстанға келеді.
Сондай-ақ АДБ-ның өңірлік басшылығымен «Мұздықтардан фермаларға» халықаралық бағдарламасы шеңберінде мұздықтарды сақтау және олардың еруіне тұрақтылықты күшейту, соның ішінде ирригациялық желілерді жаңғырту жөніндегі шараларды көздейтін ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыладық.
Біз ұзақмерзімді әрі екі тарапқа да тиімді ынтымақтастыққа үміт артамыз. Министрлігіміз су шаруашылығы инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту жобаларын әзірлеп жатыр. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін біз халықаралық қаржы институттарын кеңінен тартып жатырмыз және Су саласын дамыту жөніндегі әріптестердің үйлестіру кеңесі аясында белсенді жұмыс жүргізіп келеміз.
- 25.06.2025
- 17