• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Оқу-ағарту министрі мен Маңғыстау облысының әкімі өңірде білім сапасын арттыру жөніндегі құжатқа қол қойды

25 сәуір күні Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Маңғыстау облысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен білім сапасын арттыру мәселесіне арналған кеңейтілген жиын өтті. Басқосуға өңірдің білім беру ұйымдарының басшылары, мәслихат депутаттары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің білім сапасын көтеруге қатысты тапсырма берген болатын. Соның аясында Оқу-ағарту министрі мен өңір басшысы мектепке дейінгі тәрбиеден бастап техникалық және кәсіптік білімге дейінгі барлық деңгейді қамтитын 2025–2029 жылдарға арналған білім сапасын арттыру жөніндегі кешенді жоспарға қол қойды. Жоспар бес негізгі бағытты қамтиды: инфрақұрылымды жақсарту, білім мазмұнын жаңарту, педагог кадрлардың әлеуетін арттыру, басқарушылық менеджментті жетілдіру және ұлттық бағалау жүйесін дамыту.

Жиын барысында Ғани Бейсембаев өскелең ұрпақтың денсаулығы, әл-ауқаты және сапалы білім алуы – Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы екенін атап өтті.

«Білім беру инфрақұрылымын жетілдіру, педагогтердің мәртебесін көтеру және қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайту – барлығы балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада сапалы білім алуына бағытталуы тиіс. Осы мақсаттарға жету үшін мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім беру жүйесін тиімді басқару және ата-аналармен тығыз ынтымақтастық орнату үштағаны жүзеге асырылуы керек»,- деді министр.

Өз сөзін қорытындылай келе, министр облыстық білім басқармасына білім беру ұйымдарындағы менеджмент сапасын күшейтуді, кадрлық әлеуетті арттыруды, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалануды тапсырды.

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай қолға алынған кешенді жоспар аясында білім сапасын арттыру мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық берілетінін атап өтті. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақша салынатынын хабарлады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың облысқа жасаған сапарында білім сапасына қатысты айтқан сөздері біз үшін маңызды. Осыны ескере отырып, білім саласын дамытуға бағытталған кешенді жоспар әзірледік. Қазіргі таңда нақты жобалар қолға алынуда. Мәселен, биыл Ақтау қаласында спорт интернатын және ер балаларға патриоттық тәрбие беруге бағытталған әскери интернат ашу жоспарда бар. Облыстағы өзекті мәселелердің бірі – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақшаның жоқтығы. Бұл кемшіліктің орнын да толтырамыз. Маңғыстау ұстаздарының әлеуеті жоғары, тәжірибесі мол. Мен алдағы уақытта өңірімізде бәсекеге қабілетті, білімді, білікті жастардың қатары көбейетініне сенемін. Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін бар күшімізді саламыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Кешенді жоспарға сәйкес, 2029 жылға дейін Маңғыстау облысында 21 мектепті жаңғырту, жыл соңына дейін 9 жаңа жайлы мектеп салу, балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізу және 78 мектепке бейнебақылау жүйесін орнату көзделуде.

Әрі қарай, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ақтау халықаралық мектебіне(AIS) барып, оқу процесімен танысты.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 01.07.2025
  • 6
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика