- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Құрметті маңғыстаулықтар, ардақты жерлестер!
Баршаңызды этносаралық келісімнің алтын арқауына айналған Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – қасиетті жерімізді мекендейтін әр адам үшін аса қымбат. Әрбір қазақстандықтың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен адалдығы – азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің символы іспетті.
Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістігі – бейбітшілік пен татулық. Еліміздің аумағында 130-дан астам этнос өкілдері мекендесе, оның ішінде Маңғыстау облысында 50-ден астам этнос өкілдері тату-тәтті, достық қарым-қатынаста өмір кешуде.
«Ынтымақ түбі - игілік, бірлік түбі - тірлік» деген атам қазақ ауызбіршілік нәтижесінде алынбас қамал жоқ екендігін ерте бастан пайымдаған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы»-деп жалпыұлттық бірлік қуатты мемлекеттің кепілі екенін атап өтті.
Бірлігі жарасқан жұртымыздың абыройы асқақ болсын! Шаңырақтарыңызға мызғымас бірлік, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Мереке құтты болсын, ағайын!
Құрметпен,
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай
- 01.07.2025
- 5