• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті

 


3 мамыр, сенбі күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге жасаған жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді. Жиын барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты тапсырмалардың орындалу барысы сараланып, жауапты сала басшылары нақты бағыттар бойынша есеп берді.

Сәуірдің 18-күні өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, стратегиялық маңызды жобалар бойынша кеңес өткізген Президент Маңғыстау халқының әл-ауқатын арттыру мен инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Бұл міндеттер бүгінде барлық деңгейдегі атқарушы органдардың күн тәртібінде.

Кеңесте сөз алған облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиевтің айтуынша, басқармаға сегіз тапсырманы орындау жүктелген. Соның ішінде 2026 жылдың соңына дейін Құрық портының инфрақұрылымын жаңғырту, кемелер санын көбейту және Жаңаөзен қаласынан Түрікменстан шекарасына дейінгі, Кендерлі курорттық аймағы арқылы өтетін автожол учаскелерін жөндеу жобасын іске асыру жоспарланған. Жақында ғана 7000 тонна жүк көтеретін «Nasipkali Marabayev» кемесі суға түсірілді. Сонымен қатар, Құрықтағы «Саржа» терминалының құрылысы жалғасуда.

Теміржол саласында Маңғыстау, Бейнеу және Шетпе вокзалдарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба жыл соңына дейін аяқталады.

Жол инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында ұзындығы 164 шақырым болатын «Жаңаөзен – Кендерлі – Түрікменстан шекарасы» автожолын жөндеу жұмыстары басталады.

Облыстық туризм басқармасының басшысы Ерсін Ибрашев Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.

Сондай-ақ, су ресурстары және ирригация басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әнуар Туляков өз баяндамасында «Кендірлі» курорттық аймағындағы су тұщыту зауытының құрылысын 2025 жылдың 31 мамырына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Ақтаудағы «Каспий» су тұщыту зауытының қуатын тәулігіне 100 мың текше метрге дейін арттыру бағытында үшінші кезеңі іске асырылып жатыр.

Ал облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев есептік жылу қуаты 360 Гкал/сағатты құрайтын «Ақтау қаласындағы 19а, 20, 20а, 33, 34а, 35 жаңа шағын аудандарды жылумен жабдықтау үшін қазандық алаңынан тыс инженерлік желілер салу» жобасының орындалу барысы жөнінде баяндады.

Сонымен қатар, ол Маңғыстау облысы мен көршілес өңірлерді электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «МАЭК» ЖШС жүзеге асырып жатқан «ЖЭС №1, 2, 3 энергоблоктарын жаңғырту» жобасына да тоқталды.

Жиында Нұрдәулет Қилыбай алдағы кезеңдегі жұмыстың басты бағыты облыс халқының тұрмыс сапасын жақсарту мен экономиканың өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Президент тапсырмаларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етіп, әрбір бағыт бойынша нақты нәтиже қажет екенін айтты.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға ерекше көңіл бөліп, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қажетті жағдай жасау үшін Үкімет пен облыс әкімдігіне нақты міндеттер жүктеді. Бүгінгі кеңесте айтылған мәселенің барлығы Президенттің тікелей бақылауында тұр. Әр тапсырма уақытылы, нақты әрі сапалы орындалуы тиіс. Жауапты қызметкерлер жұмысқа жоғары жауапкершілікпен қараңыздар, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

  • 01.07.2025
  • 5
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика