• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Қызылорда филиалы бекітілген тариф бойынша қызмет көрсетуден бас тартады

2019 жылғы қарашада ҚР ҰЭМ ТМРК Қызылорда облысы бойынша департаментінің бұйрығымен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ – ның Қызылорда өндірістік филиалы үшін тауарлық газды таратушы желілері арқылы тасымалдау қызметтеріне 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіле отырып, ҚҚС-сыз 1000 м3 үшін 5941,35 теңге мөлшерінде тариф бекітілді, бұл бұрын бекітілген тарифтен 34,59% - ға немесе 3142,16 теңгеге төмен.

Төмендегі кестеде нақты салыстыру үшін «дейін» және «кейін» тарифтері көрсетілген.

ҚҚС-сыз, 1000 м3 үшін теңге бекітілгенге дейін тасымалдауға арналған тариф

ҚҚС-сыз, 1000 м3 үшін теңге бекітілгеннен кейін тасымалдауға арналған тариф

9082,51

5941,35

Естеріңізге сала кетейік, түпкілікті  тұтынушылар үшін тауарлық газ мыналардан тұрады: 

- көтерме баға, түпкілікті бағаның орташа 70-80% (ҚР Энергетика министрлігімен бекітіледі);

- тауарлық газды тасымалдауға және тауарлық газды өткізуге жұмсалатын шығыннан түпкілікті бағаның орташа 20-30% - ын құрайды (ҚР ҰЭМ ТМРК бекітеді).

Осылайша, түпкілікті  тұтынушылар үшін бағаға тікелей әсер ететін құраушылардың бірі 34,59% - ға немесе 3142,12 теңгеге төмендеді.

Алайда, мемлекеттік органның (Қызылорда облысы бойынша ТМРКД) шешімдерімен келіспей, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның  Қызылорда өндірістік филиалы ведомствоның бұйрығын заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берді.

Қызылорда облысының бірінші және екінші сатыдағы соттары (апелляциялық шағым) істі қарау қорытындысы бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның  Қызылорда өндірістік филиалының талап – арыз талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.

ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес апелляциялық сатыдағы соттың сот актілері олар жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді, тиісінше осы тариф Қызылорда облысы бойынша сот алқасының қаулысы жарияланған күннен бастап күшіне енді, яғни 2020 жылғы 4 маусымнан бастап газ тасымалдауға арналған тариф ҚҚС-сыз 1000 м3 үшін 5 941,35 мөлшерінде болуға тиіс.

Алайда, бүгінгі таңда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның  Қызылорда өндірістік филиалы ҚҚС-сыз 1000 м3 үшін 9 082,51 мөлшерінде  газды тасымалдау тарифі бойынша жұмыс істейді, осылайша Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің талаптарын бұзады.

Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес, тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тариф өзгерген жағдайда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ уәкілетті органның ведомствосымен қайта қарайды және келіседі, сондай-ақ шекті бағадан асырмай, өз бетінше төмендете алады.

ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес «ҚазТрансГазАймақ» АҚ баға сараптамасын жүргізу үшін қажетті ақпаратты ҚР ҰЭМ ТМРК ұсынуға міндетті.

Сонымен қатар,  ҚР  ҰЭМ ТМРК  қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылау мақсатында субъектілердің бағаларына мониторингті жүзеге асырады.

Осылайша, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты ұсынбауына байланысты ҚР ҰЭМ ТМРК тауарлық газды өткізуге жүргізілген бағаларға мониторинг нәтижелері бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіле отырып, Қызылорда облысының барлық тұтынушылары үшін бағаларды 17% - ға төмендету туралы дәлелді қорытынды жолдады.

Алайда ҚР ҰЭМ ТМРК іс-қимылдарымен келіспей, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның  Қызылорда облысының тұтынушылары үшін қолданыстағы шекті бағаларды төмендету туралы дәлелді қорытындыны заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берді.

Нұр-Сұлтан қаласының  МАЭС судьясының 2021 жылғы 16 ақпандағы шешімімен істі қарау қорытындысы бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ талап - арыз талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды.

Бұл ретте, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ екінші сатыдағы сот шешіміне (апелляциялық тәртіппен) дау айта алады, бұл «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ –ның келісілгеннен 17% жоғары баға бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 

  • 10.03.2021
  • 293
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика