- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстаудан шыққан тұңғыш полиция генерал-майоры: Полиция департаментінің бастығы арнаулы атақты Президент қолынан алды
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов Күзембайұлы полиция генерал-майоры арнаулы атағын Мемлекет басшысының қолынан алды.
Үштаған ауылында дүниеге келген Сағындық Күзембайұлы еңбек жолын 1999 жылы Маңғыстау облысы патрульдік полиция арнайы взводының жол полициясы аға инспекторы қызметінен бастаған.
Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында сардарлар мен сарбаздарды алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Сонымен қатар патриотизм мен жауынгерлік рухтың символына айналған мереке күндері елге қорған болып жүрген азаматтарға құрмет көрсету, Отан үшін от кешкен аға буынның рухына тағзым ету, олардың жанқиярлығы мен өшпес ерлігін ұрпақтың жадында жаңғырту дәстүрге айналғанын атап өтті.
– Қазақ – болмысынан жаужүрек халық. Батыр бабаларымыз кең-байтақ жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғады. «Ер – елдің айнасы» дейді. Шын мәнінде, халқымыздың ерлік дәстүрі атадан балаға жалғасып келеді. Қазақ сарбазы қай кезде де елін қорғай білген. Жерінің шетіне жау тисе, жұдырықтай жұмылып бір тудың астынан табылған. Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Адамзат тарихындағы осындай сұрапыл соғыс барша елдер үшін үлкен сынақ болғаны сөзсіз. Майданға бір миллион екі жүз мыңнан астам азаматымыз аттанды. Олардың жартысы ұрыс даласынан оралған жоқ. Тыл еңбеккерлері күн-түн демей тер төкті. Осылайша, халқымыз Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Жеңіс мерекесі ерен ерлікті паш етеді. Сондай-ақ бейбіт өмірдің, бірлік пен ынтымақтың маңызын ұғындырады. Жеңіс күні арқылы ұрпаққа берілетін ең басты тағылым – осы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
2025 жылдың 5 мамыр күні Мемлекет басшысы «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» № 871 Жарлығына қол қойды.
Салтанатты түрде мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алған әскери қызметшілермен, құтқарушылармен, күштік құрылым қызметкерлерімен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев суретке түсті.
Айта кетейік, Сағындық Аяғанов 2023 жылдың мамырынан бері облыстың полиция департаментін басқарып келеді.
- 01.07.2025
- 4