- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Отан күзеткен ағайынды сарбаздар
Жаңаөзендегі 5548 әскери бөлімінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген ер азаматтар абыроймен қызмет атқарып жүр. Солардың қатарында бір отбасының қос перзенті — ағайынды Наурызбек пен Данабек Жұмашовтар бар. Олар әскери мамандықты жүрек қалауымен таңдаған.
Қызылордалық Наурызбек пен Данабек бала кезінен әскери формаға қызығып өскен. Бүгінде Наурызбек Жұмашов — взвод командирі, ал оның інісі Данабек Жұмашов — байланыс торабының бөлімше және аппарат бастығы қызметін атқарады. Наурызбек әскери жолын 2017 жылы бастап, бүгінге дейін ел тыныштығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп келеді.
– Әскери қызмет — жай ғана мамандық емес, бұл — Отан алдындағы қасиетті борыш. Әскерилерге артылар жүк ауыр, жауапкершілік жоғары. Батыр Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», — дейді Наурызбек Берікұлы.
Ағайынды сарбаздар — жас буынға үлгі. Олар үшін Отан қорғау — мақтаныш әрі азаматтық парыз.
- 01.07.2025
- 4