- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы шаралар жалғасуда
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы шаралар жалғасуда
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Бейнеу ауданының маңында орналасқан Тас-Өткел және Байқұл қажы бұлағының аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау» КММ-нің қызметкерлері қатысты. Акцияның негізгі мақсаты – жастардың қоршаған ортаға деген назарын аударып, экологиялық жауапкершілік сезімін қалыптастыру және Маңғыстау облысының табиғи байлығын сақтауға үлес қосу. Мекеме қызметкерлері аумақтарды тазалап, қоқысты сұрыптап, өңірдің қайталанбас табиғатын сақтау ісіне өз үлестерін қосты. - «Таза Қазақстан» республикалық акциясына өз үлесімізді қосып, сенбілік өткіздік. Көктем мезгілі жаңару мен жаңғыру, күл-қоқыстан тазару маусымы. Туған өлкенің тазалығына атсалысу – әрбір азаматтың міндеті. Мекеме үшін мұндай іс-шаралар планетамыздың болашағына үлес қосу, жауапкершілік пен табиғатқа қамқорлық көрсету үшін ұжымды біріктіретін жақсы дәстүрге айналған. Әрбір қызметкер үлкен істің бір бөлігі болып табылады және олар бірлесе отырып қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуда. Туған өлкенің тазалығына атсалысу – әрбір азаматтың міндеті, - деді «Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау» КММ басшысы Мұхамбет Қараев. Аталған сенбілік ауданның экологиялық жағдайын жақсарту, халық арасында қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және көгалдандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында өткізілді.
- 02.07.2025
- 8