• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысында жаз мезгілінде ауызсу тапшылығын жою бойынша кешенді шаралар қабылдануда

Маңғыстау облысында жаз мезгілінде ауызсу тапшылығын жою бойынша кешенді шаралар қабылдануда

Бүгін, 20 мамыр күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен жаз мезгілінде тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңейтілген жиын өтті. Кеңес барысында өңір халқын үздіксіз ауызсумен қамтуға қатысты өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары жан-жақты талқыланды. Жиын тікелей эфирден көрсетілді.

Облысты ауызсумен толық қамтамасыз ету үшін тәулігіне 211 мың текше метр су қажет. Қазіргі таңда қолданыстағы су көздерінің жалпы қуаттылығы тәулігіне 188 мың текше метрді құрайды. Ал нақты тұтыну көлемі – тәулігіне 147 мың текше метр. Жаз айларында тұтыну көлемі артатынын ескерсек, болжам бойынша тапшылық шамамен тәулігіне 23 мың текше метрге жетуі мүмкін.

Бүгінде Ақтау қаласын ауызсумен «МАЭК» ЖШС, «Ақтау су тұщыту зауыты» және «Каспий су тұщыту зауыты» қамтамасыз етуде. Жалпы алғанда, бұл кәсіпорындар қаланы тәулігіне 60–65 мың текше метр ауызсумен қамту мүмкіндігіне ие.

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақовтың айтуынша, алдағы жылдары халық санының өсуін ескере отырып, ауызсу тапшылығын толықтай шешу мақсатында бірнеше ірі жоба іске асырылмақ.

Атап айтқанда, қазіргі уақытта «Каспий» су тұщыту зауытының қуаттылығын тәулігіне 60 000 текше метрге арттырып, жалпы көлемін 100 000 текше метрге жеткізуге бағытталған үшінші кезең жобасы орталық мемлекеттік органдармен келісу сатысында. Үкімет қаулысы бекітілгеннен кейін биыл жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жыл соңына дейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.

Сондай-ақ, «МАЭК» ЖШС аумағында өнімділігі тәулігіне 24 000 текше метр болатын кері осмостық станция орнату жобасы 2026 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта жоба сараптамадан өтуде. Бұған қоса, қуаттылығы тәулігіне тағы 24 000 текше метр болатын тұщыту қондырғысы жобасына да өзгерістер енгізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, Ақтау қаласында сумен жабдықтау және су бұру желілерін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бірінші кезең аясында 18 жоба қамтылған. Оның ішінде 42,59 км су құбыры, 16,8 км кәріз желісі және 5 канализациялық сорғы станциясы жаңғыртылады. Қазіргі таңда 9 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 90%-ға аяқталған.

Маңғыстау облысының су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы Серікқали Қанапиннің мәлімдеуінше, облыста су тұщыту қондырғыларын салу арқылы ауызсу тапшылығы кезең-кезеңімен шешіліп келеді.

Мәселен, Түпқараған ауданындағы Форт-Шевченко қаласында тәулігіне 5 000 текше метр теңіз суын тұщытатын кешеннің құрылысы аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2025 жылдың маусым айының соңында пайдалануға берілмек.

Ал «Кендерлі» курорттық аймағындағы «Тоқмақ» жерінде қуаттылығы тәулігіне 50 000 текше метр болатын су тұщыту зауытының құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі таңда зауытқа қажетті құрылғылар орнатылып, іске қосу шаралары жүргізілуде. Нысан 2025 жылдың 31 мамырына дейін пайдалануға беріледі. Алайда зауыттың өндірісін толық көлемге шығару уақытты алатындығын ескере отырып, толық қуатқа шығуы осы жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін.

Серікқали Қанапиннің айтуынша, бұл зауыт іске қосылғаннан кейін Астрахань–Маңғышлақ су құбырынан үнемделетін 25 000 текше метр су Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия, Мұнайлы аудандары мен Ақтау қаласына бағытталады.

Сонымен қатар Құрық ауылында жеке инвестор «Алека» ЖШС арқылы тәулігіне 10 000 текше метр су тұщыту қондырғысы салынуда. Нысан шілде айында іске қосылып, ауыл мен жағажай аймағын толықтай ауызсумен қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Бұдан бөлек, облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – 3 787,7 км. Оның ішінде 1 169,4 км немесе 31%-ы тозған. Қалаларда бұл көрсеткіш – 71,5%-ды құрайды. Жоғарыда аталған жобалар іске асырылған соң, тозу деңгейі 83%-дан 72%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.

Жиын соңында аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай ауызсумен тұрақты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, жауапты мекемелерге жұмысты жеделдетуді тапсырды.

- Жаз мезгілінде тұрғындарға ауызсу үздіксіз жеткізілуі тиіс. Бұл – күн тәртібінде тұрған басты мәселе. Сондықтан қала, аудан әкімдері мен жауапты мекемелер жұмысты дер кезінде әрі сапалы аяқтаңыздар, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 02.07.2025
  • 2
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика