- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстау облысында келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстарына 25 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған
📌 Маңғыстау облысында алдағы жылыту маусымына дайындық үшін 25,8 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аймақ әкімі Нұрдәулет Қилыбай хабарлады.
⏩ Ол бұл мақсаттарға қаржы бөлу өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға артқанын атап өтті.
Соның ішінде негізгі энергетикалық кәсіпорын «МАЭК» ЖШС-де маусымға дайындық аясында келесідей жөндеу жұмыстары жүргізілмек:
➤ ЖЭО-2-де - 3 турбоагрегат және 1 қазандық;
➤ ТЭС-те - 1 энергоблок.
Сонымен қатар, облыс бойынша келесі инженерлік желілерді жөндеу жоспарланып отыр:
➤ электр желілері - 495,4 шақырым;
➤ жылу желілері - 20,2 шақырым.
«Бүгінгі таңда Ақтау қаласында магистральдық және ішкі кварталдық жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жобаларға жергілікті бюджеттен 13,6 млрд теңге бөлінді, ҚР Үкіметі резервінен 3,6 млрд теңге қаражат бөлу көзделуде. Жаңғырту жұмыстары жылу беру маусымы басталғанға дейін аяқталатын болады. Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде Ақтау қаласы бойынша жылу желілерінің тозуы 79%-дан 75%-ға дейін төмендемек»,
— деді Нұрдәулет Қилыбай.
- 02.07.2025
- 4