- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Интернет-алаяқтық - қылмыстың ең көп таралған түрі
Қылмыстық істерді талдау барысында алаяқтардың адамдарды адастыру үшін әртүрлі әдістерді қолданатынын көрсетті.
Мысалы, олар өздерін банктің қауіпсіздік қызметкерлеріміз деп таныстырады, карточкалық шоттардағы күдікті транзакциялар туралы хабарлайды және болжамды резервтік сақтандыру шотына ақша аударуды ұсынады.
Сондай-ақ, әлеуетті жәбірленушілерге іс жүзінде жүзеге аспайтын түрлі жобаларға қаржы салу ұсынылады.
Өкінішке орай, мұндай құқыққа қайшы әрекеттерінен көбі зардап шекті.
Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында Маңғыстау облысының прокуратурасы және Полиция департаментінің тапсырысы бойынша "Алаяқтар" атты қысқаметражды фильм түсірілді.
- 02.07.2025
- 3