- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Жұмысшы мамандықтар жылы: Маңғыстауда алғаш рет оптикалық талшықтарды дәнекерлеу бойынша чемпионат өтті
Жұмысшы мамандықтар жылы: Маңғыстауда алғаш рет оптикалық талшықтарды дәнекерлеу бойынша чемпионат өтті
Маңғыстау облысы цифрлық технологиялар басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет оптикалық талшықтарды дәнекерлеу бойынша чемпионат өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған байланысты аталған сайыстың дәстүрлі сипат алуына қолдау көрсету көзделген. Чемпионат Есенов университетіндегі «Технопарк» алаңында өтті. Чемпионаттың мақсаты – сала мамандары арасындағы кәсіби әріптестікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты арттыру, сондай-ақ, жаңа технологиялар мен тәсілдерді енгізу арқылы студентердің кәсіби дамуына мүмкіндік беріліп отыр. Шараға арнайы қатысқан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев чемпионаттың жастарға берері мол екендігін айтты.
–Өңірімізде алғаш рет осындай ауқымды жарыс өтті. Бұл байланыс және телекоммуникация саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылды. Оптикалық талшықтарды дәнекерлеу - арнайы жабдықты қажет ететін күрделі процесс. Осы арқылы студенттер шеберлік сабақтары аясында мықты мамандар және сала үздіктерімен тәжірибе алмасады. Алдағы уақытта студенттердің осы кәсіпке қызығушылығын арттырып, әлемдік деңгейде өз шеберліктерін арттыру жоспарда бар, - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев.
Чемпионатқа «Транстелеком» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Jusan Mobile» АҚ, «Кселл» АҚ, «Кар-Тел», «X-COM» және «Бикада», «Freedom telecom», «Спецвтоматика сервис» мекемелері қатысты.
Сайыс нәтижесі бойынша І орынды «Транстелеком» мекемесі, ІІ орынды «Қазақтелеком», ІІІ орынды «Спецвтоматика сервис» және «Jusan Mobile» мекемесі иеленді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, жастарды техникалық бағыттарға қызықтыруға және кәсіби дағдыларды шыңдауға мүмкіндік беретін мұндай чемпионат жыл сайын тұрақты түрде өткізілмек.
- 02.07.2025
- 3