• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімдігінде Кендірлі әуежайының құрылыс жұмыстары талқыланды

3 маусым күні Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергеновтың төрағалығымен Кендірлі әуежайының жобалау және құрылыс жұмыстарына арналған кеңес өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес басталған «Кендірлі жерінен әуежай құрылысын салу» жобасын «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны әзірлеуде.

Жиында кәсіпорынның атқарушы директоры Самат Жасұзақов атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, жобаны үйлестіру мақсатында ведомствоаралық комиссия құру үшін жергілікті атқарушы органдардың қолдауын сұрады.

Маңғыстау облысы әкімдігі әуежай құрылысына Кендірлі аумағынан 599 гектар жер учаскесін бөлді. Болашақ нысан Кендірлі демалыс аймағынан шамамен 13 шақырым жерде орналасады. Жобаның алғашқы кезеңінде ұзындығы 2200 метр, ені 35 метр болатын ұшу-қону жолағы салынады. Бұл шағын және орташа ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді. Кейін ұшу-қону жолағы кеңейтіліп, ірі жолаушылар ұшағын қабылдай алатындай деңгейге жетеді.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында жер қазу жұмыстары жүргізілуде. Бұл іске 57 жұмысшы мен 43 бірлік техника жұмылдырылған. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Кеңес барысында Ербол Ізбергенов жобаның маңыздылығына тоқталып, құрылыс барысын үйлестіру, сапа мен мерзімді сақтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

- Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев туризм саласын ұлттық экономиканың басым бағыттарының бірі ретінде айқындады. Кендірлі – тек Маңғыстау үшін емес, бүкіл еліміз үшін маңызды халықаралық туристік хабқа айналуға қабілетті аймақ. Алайда бұл әлеуетті іске асыру үшін заманауи әуе қатынасы қажет. Бұл – Мемлекет басшысының нақты тапсырмасы. Сондықтан жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтау қажет. Құрылыс барысын үйлестіретін комиссия жасақталып, туындайтын мәселелер жедел шешілуі тиіс, – деді Ербол Ізбергенов.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 02.07.2025
  • 4
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика