• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Форт-Шевченко, Баутино, Аташ халқы толықтай ауыз сумен қамтылды

Форт-Шевченко, Баутино, Аташ халқы толықтай ауыз сумен қамтылды

Бүгін, 29 мамыр күні Форт-Шевченко қаласында тәулігіне 5000 текше метр теңіз суын тұшытатын жаңа зауыт іске қосылды. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Самат Мұсабаев және аудан тұрғындары қатысты.

Жаңа өндірістік нысан теңіз суын өңдеп, санитарлық талаптарға сай сапалы ауыз су ұсынады. Бұл зауыт Форт-Шевченко, Баутино және Аташ елді мекендерінің тұрғындарын толықтай ауыз сумен қамтамасыз етпек. Аталған үш елді мекенде шамамен 12 мыңға жуық халық тұрады, олардың қазіргі тәуліктік су тұтыну көлемі 3500 текше метрді құрайды.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай аудан халқын жаңа зауыттың ашылуымен құттықтап, өңірде іске асып жатқан жобаларға тоқталып өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыста бірнеше ірі жоба қолға алынды. Су тапшылығы аймақ үшін ең өзекті мәселелердің бірі. Осы бағытта жүйелі жоспарлар жасалып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін жақын арада көретін боламыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Шара барысында жобаны іске асырушы – «Толағай 2050» ЖШС Түпқараған аудандық су жүйесі мекемесіне арнайы автокөлікті сыйға тартты.

Айта кетейік, облыста ауыз су мәселесін түбегейлі шешу үшін бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, маусым айының соңына дейін «СК-А-Строй» ЖШС іске асырып жатқан су тұшыту зауытының қуаты 5000-нан 8000 текше метрге дейін ұлғайтылмақ. Тамыз айынан бастап Ақтау қаласына қосымша тәулігіне 3000 текше метр, ал Баянды ауылындағы қондырғы арқылы Мұнайлы ауданына тәулігіне 4000 текше метр ауыз су жеткізіледі. Сонымен қатар маусым айының соңында «Кендірлі» курорттық аймағында орналасқан «Тоқмақ» жерінде қуаттылығы тәулігіне 50 мың текшеметр болатын ірі су тұшыту зауытының құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 02.07.2025
  • 1
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика