• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысының әкімі Қазақстанның халық әртісі Айгүл Қосанованы қабылдады

4 маусым күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жуырда ғана «Қазақстанның халық әртісі» жоғары атағына ие болған дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі Айгүл Қосанованы қабылдап, құрмет көрсетті.

Кездесу барысында аймақ басшысы әншінің өнер жолындағы табандылығы мен ел мәдениетіне қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтіп, шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар, өңірдің мәдени дамуы мен рухани жаңғыруы бағытында өзекті мәселелер қозғалып, ой-пікірлер ортаға салынды.

Айгүл Қосанова — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының домбыра класы бойынша түлегі. Қазіргі таңда Президент оркестрінің солисі, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирктік колледжде оқытушы және аталған консерваторияның аспиранты. Сондай-ақ, ол өнер мен білім саласында белсенді еңбек етіп жүрген ұстаз-ғалым, «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-нің қауымдастырылған профессоры.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында еліміздің дәстүрлі ән өнерін насихаттаудағы ерен еңбегі үшін Маңғыстау топырағынан түлеп ұшқан дарынды өнер иесі Айгүл Қосановаға «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын табыстаған болатын.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 02.07.2025
  • 1
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика