• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Құрметті ақ жаулықты әжелер!

Ардақты аналар! Аяулы апа, қарындастар!

Мейірімділік пен ізгіліктің, сұлулық пен жылулықтың мейрамы 8 наурыз әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әлемдегі әсемдік пен сұлулық та, бойымыздағы ізгілік пен құт-береке Ананың жүрегінен бастау алады. Әйелдер қандай кезеңде болмасын қоғам жүгін қайыспай көтере білді. Әйел – рухани бастау ғана емес, әйел ертеңге деген сенім мен қажымас қайраттың қайнар бұлағы. Елімізге алмағайып күн туған сәтте, қазақтың азаматы атқа қонса, шаңырақты шайқалтпау әйел мойнындағы жүк болды. Ерінің айтпақ ойын қабағынан түсінген асыл аналарымыз, тұтас халқымыз өткен ауыр жолдардың барлығына төзе білді. Қиын-қыстау заманда қайсар рух, ерен ерлік танытқан ардагер-аналарымызға тағзым етеміз! 
Біздің ата-бабаларымыз қыз-баласын тіршіліктің тұтқасы, ұлттық дәстүр мен салт-сананы, тарих пен тілді сақтап, қадірін ұрпақтың бойына дарытушы деп қастерлеген халық. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ел болашағын сыйлайтын әйел, келін, ана.  Сондықтан, біздің ең басты байлығымыз - алтын құрсақ ананың амандығы мен баланың жарқын күлкісі. Дүниеге сәби әкеліп, саналы ұрпақ тәрбиелеуде жанкешті еңбек сіңірген ақ жаулықты аналарымызға бас иеміз! 
Бүгінде облысымызда 30 мыңға жуық көп балалы ана бар. Былтыр 147 әйел «Алтын алқа» және 549 «Күміс алқа» иегері атанды. Біздің өңір алтын құрсақты аналарымыздың арқасында Республикадағы демографиялық көрсеткіштер бойынша алғашқы орындамыз. Осының барлығы алдымен Тәуелсіздігіміздің жемісі мен жеткен жетістігі деп білемін.
Дамыған қоғамның қай саласында да қыз-келіншектердің қолтаңбасы бар. Олар тек адал жар, қамқор ана, сенімді дос қана емес, сонымен бірге жақсы басшы, білікті маман, іскер ұйымдастырушы болып қызмет атқаруда.
Жауапкершілігі мол істі атқарып жүрген жастарымызға білімді әріптеп үйрететін ұстаздар қауымын, денімізге саулық шипасын жасайтын абзал жандарды, өндіріс орындарында өнімді еселеуге үлес қосып жүрген сала мамандарын, ел тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген құқық қорғау саласындағы аруларымызды, мемлекеттік қызметші әйелдер қауымын тағы да көктемнің керемет күнімен құттықтаймын!
Қадірлі де сүйікті аналар мен арулар! Баршаңызға тек мереке күндері ғана емес ғұмырларыңыздың бар кезеңінде қуаныш, жақсылық және сүйіспеншілік лебі аялап жүрсін! Сіздерге дүниенің бар жақсылығын, қуанышы мен шаттығын, деннің саулығы мен көңілдің шуағын тілеймін! Шаңырақтарыңызға шаттық орнап, әулеттеріңізде тек амандық болсын!

Құтметпен, Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов

  • 10.03.2021
  • 240
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика