• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау – еліміздегі туристер ең көп баратын ТОП-6 өңірдің қатарында

Маңғыстау облысы Республика көлемінде туристерді қабылдау көрсеткіші бойынша үздік алты өңірдің қатарына енді. Ал шетелдік туристерді тарту жағынан облыс еліміз бойынша 10-орынды иеленіп отыр. Бұл туралы өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды.

Облыстық туризм басқармасының басшысы Ерсін Ибрашевтың мәліметінше, 2025 жылы аймаққа 519 мың турист келеді деп күтілуде. Оның 430 мыңы ішкі туристер, ал 89 мыңы шетелден келетін меймандар.

Шетелдік туристердің дені Ресей, Қытай, Иран, Италия, Әзербайжан, Ұлыбритания, Бельгия, Түркия, Өзбекстан және АҚШ елдерінен келген. Жалпы болжам бойынша, бұл көрсеткіш 2029 жылға дейін екі есеге өседі деп жоспарлануда.

Бүгінде облыста ішкі туризмді дамытуға бағытталған 15 туроператор тіркелген. Олар 206 туристік бағыт бойынша жұмыс жүргізіп отыр.

Сонымен қатар, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетімен бірлесіп, Маңғыстау облысының туристік әлеуетін арттыруға арналған стратегиялық жоспар әзірленуде. Аталған оқу орнында қазіргі таңда Еуропалық Одақтың Erasmus+ бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру көзделген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025–2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары дайындалды. Бұл тұрақты туризмді ілгерілету, инфрақұрылымды жетілдіру, инвестиция тарту және маңызды туристік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған 9 негізгі бағытты қамтиды.

- Қазіргі таңда өңірде туризм саласына инвестиция тарту, курорттық нысандар, сапар-орталықтар, этно-ауылдар мен өзге де сервистік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2025–2027 жылдар аралығында салада жалпы 17 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланды, - деді Ерсін Ибрашев.

Биылдың өзінде «Жылы жағажай» аумағында модульді эко-курорттың құрылысы қолға алынады. Сондай-ақ, осы жылы караванинг бағытын дамыту жобасы жүзеге аса бастайды. Бұл автодомдармен саяхаттауға арналған жаңа форматтағы туризм түрі. Қазіргі таңда Бозжыра, Шерқала, Ыбыкты сай және Жығылған бағыттары караванинг үшін әлеуетті маршруттар ретінде белгіленіп отыр.

Сондай-ақ, өңірде туристерді ақпараттандыру мақсатында биыл 30 туристік аймақта жарнамалық тақталар, тас жолдардың бойына бағыттаушы белгілер, ақпараттық киосктер орнату жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жауапты басқармаға аталған жобаларды белгіленген мерзімде тапсыруды тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 02.07.2025
  • 5
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика